Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Құқық
"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қабаты жұқарып, адам өміріне қауіп төндіруде.

Жарықтар мен ойықтар пайда болып, мұз астына түсіп кету қаупі артып отыр. Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға мұзға, соның ішінде балық аулау үшін шығудан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ кез келген көлікпен мұз үстімен жүруге тыйым салынады,  — делінген хабарламада.

Министрлік ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруді ескертеді.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу