freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қауіпсіз жол» акциясы кезінде 450-ден астам жүргізуші заң бұзушылыққа жол берген

Қоғам
«Қауіпсіз жол» акциясы кезінде 450-ден астам жүргізуші заң бұзушылыққа жол берген
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда «Қауіпсіз жол» республикалық профилактикалық акциясы барысында 450-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәмітінше, акцияны Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 2026 жылғы 15-30 маусым аралығында республика аумағында өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жазғы сауықтыру кезеңінде балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылауды күшейту.

– Акция аясында көліктік бақылаудың аумақтық инспекциялары ішкі істер органдарымен бірлесіп республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізді, – делінген хабарламада.

Тексеру кезінде тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтауы, қажетті рұқсат құжаттарының болуы, көлік құралдарының техникалық жай-күйі, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының орындалуы назарға алынды.

Акция қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 800-ге жуық көлік құралы тексерілді. Нәтижесінде 450-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті материалдар рәсімделді.

Министрліктің мәліметінше, өткізілген іс-шаралар автомобиль көлігі саласындағы заң бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласындағы талаптардың сақталуын бақылау бағытында ішкі істер органдарымен бірлескен жұмысты жалғастырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу