Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаза болған және зардап шеккендер бар: Ресейде пышақ ұстаған жасөспірім оқушыларға шабуылдады

Әлем
Қаза болған және зардап шеккендер бар: Ресейде пышақ ұстаған жасөспірім оқушыларға шабуылдады
Uwe Umstatter / Getty Images

Әлеуметтік желіде Мәскеу түбіндегі мектептердің бірінің аумағында оқушыларға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Күдікті жасөспірім болып шықты. БАҚ-тың мәліметінше, ол ұсталған.

РЕН ТВ арнасы тілшілерінің хабарлауынша, оқиға Одинцовоға қарасты Горки-2 ауылындағы Успен мектебінде болған. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Ғимараттың жанында бірнеше жедел жәрдем көлігі тұр.

Куәгердің сөзіне сүйенген РИА Новости тілшілерінің хабарлауынша, мектептегі барлық оқушы эвакуацияланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім күзетші мен оқушыға пышақ салған. Бала көз жұмған.

SHOT-тың жазуынша, шабуыл жасаған жасөспірім оқушылардың бірімен кабинетте қалып, есікті жауып алған. Кепілге алынған бала зардап шекпеген. Оқиға салдарынан бір бала қаза тауып, үшеуі жарақат алған.

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, арнайы жасақ шабуыл жасаған жасөспірімді қолға түсірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол сол мектептің тоғызыншы сынып оқушысы. Әлеуметтік желіде оны полиция көлігіне отырғызып, әкетіп бара жатқан видео тарады.

Ресей тергеу комитеті Мәскеу облысындағы мектепте болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Бүгін таңертең Одинцово қалалық округіне қарасты Горки-2 ауылында орналасқан білім беру мекемелерінің бірінде кәмелет жасына толмаған бала күзетші мен оқушылардың біріне пышақ салып, салдарынан оқушы алған жарақатынан көз жұмды", - делінген Тергеу комитетінің мәлімдемесінде.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында куәгерлер түсірген кадрлар жарияланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу