Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ өнері қара жамылды: Елімізге танымал актриса көз жұмды (ФОТО)

Қоғам
Қазақ өнері қара жамылды: Елімізге танымал актриса көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақ өнерінің көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рымкеш Омарханова 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы ақпарат Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Театр ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның ұлттық сахна өнеріне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Рымкеш Омарханқызы — жарты ғасырдан астам уақытын қазақ театр өнерінің дамуына арнаған дара талант. Ол 150-ден астам рөл орындап, ұлттық театрдың алтын қорын байытты. Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы театрда кәсіби шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың құрылуына елеулі үлес қосты», – делінген қаралы хабарда.

Актриса өз шығармашылық жолында талай есте қаларлық бейнелерді сомдады. Соның ішінде:

Мақпал (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»),

Төлегеннің анасы («Қыз Жібек»),

Мөржан (М. Әуезов «Қарагөз»),

Еңлік («Еңлік–Кебек»),

Таңқыбике («Түнгі сарын»),

Толғанай (Ш. Айтматов «Ана–Жер–Ана»),

Катерина (А. Островский «Найзағай»),

Джульетта (У. Шекспир «Ромео мен Джульетта»),

Биғайша (Т. Ахтанов «Күшік күйеу»),

Ганна (А. Дударев «Кеш»)
сияқты ірі рөлдері көрерменнің жүрегінде қалды.

Ұлттық өнердің асыл тұлғасы Рымкеш Омарханқызының жарқын бейнесі мен еңбегі қазақ мәдениетінде мәңгі сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу