Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан 345,7 млн еуро қарыз алады

Саясат
Қазақстан 345,7 млн еуро қарыз алады

Сенатта 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз алу  туралы келісімді ратификациялаутуралы заң жобасы қаралды. Келісім  Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасында жасалған.

«Жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді», - деді  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстан Республикасына 11,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

«Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25%. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады», - деді Жамаубаев.

Сенат депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу