Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу мерзімі белгіленді

Қоғам
Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу мерзімі белгіленді

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер 2025 жылдың 3 наурызы мен 13 наурызы аралығында тестілеуден өте алады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы тіркелуге болады.

Тестілеу 2025 жылдың 15 наурызына белгіленген.

Ол үш кезеңнен тұрады:

қазақ тілі – 60 сұрақ (шекті балл – 36 балл);

Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері – 15 сұрақ (шекті балл – 9 балл);

Қазақстан тарихы – 25 сұрақ (шекті балл – 15 балл).

Ең жоғарғы ықтимал нәтиже – 100 балл, тестілеуден өту шегі – 60 балл. Тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 10 минут, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – 2 сағат 40 минут.

Фото: Gov4c.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу