Қазақстан мектептерінде оқушылардың денсаулығын медициналық бақылау жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Енді балаларды медициналық тексеру нәтижелері ақпараттық жүйелерде тіркелмек, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл өзгеріс алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) мамандарына оқушының денсаулығындағы ықтимал қауіп факторларын ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда балаға қосымша тексеру тағайындалып, медициналық көмек уақытылы көрсетіледі.
Егер медициналық тексеру барысында оқушының денсаулығына қатысты қауіп факторлары немесе көрсеткіштерінде өзгеріс анықталса, тиісті ақпарат әрі қарай бақылау жүргізу немесе қажетті медициналық көмек көрсету үшін мамандарға беріледі.
Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын ерте кезеңнен бақылап, ықтимал мәселелердің алдын алу.