freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қарым-қатынасындағы жаңа кезең

Әлем
Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қарым-қатынасындағы жаңа кезең
IMAGE: ©euractiv.com

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары жаңа стратегиялық биікке көтеріліп, екі тарап үшін де маңызды серіктестікке айналды. Бұл ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып отырған — Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің он жылдығы жақында атап өтілді.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич атап өткендей, еліміздегі конституциялық реформалар мен 2026 жылғы референдум нәтижелері өзара іс-қимылдың жаңа белесі болмақ. Еуропа тарапы бұл өзгерістерді жіті қадағалап, жаңа заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне үлкен мән беріп отыр.

Әсіресе энергетика саласы екіжақты байланыстардың берік діңгегі болып келеді. Қазір Қазақстан Еуропалық Одақтың мұнайға деген сұранысының шамамен 12 пайызын өтеп отырған стратегиялық серіктеске  айналды. Бұл, қазіргі ынтымақтастық тек дәстүрлі ресурстармен шектеліп қалды деген сөз емес. Тараптар «жасыл» экономикаға көшу аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен «жасыл» сутегі өндіру мәселелерін белсенді талқылап жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Астана мен Брюссельде кезекпен өтетін  кіші комитеттердің жыл сайынғы отырыстарында жан-жақты пысықталып келеді.

Басым бағыттардың бірі — көлік-логистикалық әлеуетті арттыру. Жүк тасымалының мерзімін қысқарту және Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орталық дәліз) дамыту үшін қомақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттілігі өзінен өзі туындап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуроодақ визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді жақын арада аяқтауға мүдделі: бұл екі аймақ арасындағы адами және іскерлік байланыстарды нығайта түседі деген сенім бар. 

Қазақстанның прагматикалық сыртқы саясаты мен халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді қызметі Еуропалық Одақпен жаһандық қауіпсіздік мәселелерінде ортақ тіл табысуға мүмкіндік береді. Осылайша, екіжақты қатынастар өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген ұзақ мерзімді сипатқа ие болып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу