Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан орташа жалақы көлемінен Ресейден озып тұр

Экономика
Қазақстан орташа жалақы көлемінен Ресейден озып тұр

Numbeo мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдік жалақы рейтингінде 281 100 теңге көлеміндегі орташа жалақымен 67-орында тұр. Бұл салықты алып тастағандағы көрсеткіш, деп хабарлайды Malim.kz.

KazService телеграм-арнасының жазуынша, Қазақстан Ресейден жоғары тұр. Көрші ел болса 260 460 теңге 71-орынға жайғасқан. Ал Беларусь 276 926 теңгемен 68-орында.

Дегенмен, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының арасында Балтық елдерінен әлі де айтарлықтай айырмашылық бар.

Мәселен, Эстония әлемдік рейтингте 32-орында, орташа жалақысы 799 132 теңге. Литва 36-орында, орташа жалақысы – 696 266 теңге. Ал Латвия – 609 657 теңгемен 40-орында тұр.

Тізімнің төменгі жағында Өзбекстан (73-орын, 240 724 теңге), Әзірбайжан (74-орын, 236 714 теңге) және Украина (76-орын, 224 721 теңге) орналасқан.

Фото: Malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу