Қазақстанда соңғы бір жылда құмар ойындар нарығындағы қаржы айналымы 1,6 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Электрондық қаржы орталығында өткен таныстырылымда мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Вице-министрдің айтуынша, қабылданған заңнамалық өзгерістер букмекерлік кеңселерден бюджетке түсетін салық көлемінің азаюына ықпал еткен.
Ресми деректерге сәйкес, тігілген қаражаттың 1,2 триллион теңгесі ойыншыларға ұтыс ретінде қайтарылған.
Нәтижесінде, құмар ойын бизнесіндегі орташа қайтарым деңгейі 75 пайызды құраса, қалған 25 пайызы букмекерлік компаниялардың табысы болған.
Сондай-ақ Ержан Біржановтың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 700 мың адам құмар ойындарға тұрақты түрде қатысады. Бұл елдегі ересек тұрғындардың 15–20 пайызына тең.