Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Саясат
Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасы салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Ana tili газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе де талқыланған. Жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болады деп уағдаласқан.

Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаға басқа да мемлекеттердің, оның ішінде Батыс елдерінің корпорациялары қызығушылық танытып отыр, дейді президент.

Оның сөзінше, биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды.

Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор, деді мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу