Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

Экономика
Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метрді құрайтын екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл — Қазақстандағы ең ұзын көпір, деп хабарлайды Malim.kz.

Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.

Фото: Көлік министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу