Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады, деп хабарлайды Malim.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ардагерлер ең жоғары төлемдер алады, сондай-ақ, Қазақстан әлеуметтік көмек бойынша жетекші орында.
Елімізде 148 ардагер тұрады. Олардың барлығы 9 мамырға орай жергілікті бюджет есебінен біржолғы ақшалай төлемдер алды. Көмектің орташа мөлшері 1,7 млн теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, Жеңіс күніне арналған біржолғы әлеуметтік төлемнің ең үлкен мөлшері – орта есеппен $3,8 мың.
Мәселен, Тәжікстанда 24 ҰОС ардагері тұрады, оларға тағайындалған төлем көлемі – $2,2–2,3 мың, Өзбекстанда – $1,5 мың, Беларусьте 1,1 мың ардагердің әрқайсысына – $1,2 мың, Әзербайжан мен Қырғызстанда – $1,1 мың, Ресейде бұл мақсаттарға көзделген сома көлемі төмен. Онда 12,5 мың ардагерге $107 мөлшерінде төлем берілді, - делінген хабарламада.
Фото: Gov.kz