freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға 6 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Түркия азаматы экстрадицияланды

Қоғам
Қазақстанға 6 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Түркия азаматы экстрадицияланды
Фото: видеодан кадр

Черногориядан Қазақстанға аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген Түркия азаматы экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2024 жылдар аралығында құрылыс компаниясын басқара отырып, жалған келісімшарттар жасасу және аффилирленген ұйымдар арқылы қаржы аудару жолымен Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың наурыз айында ол Черногория аумағында анықталып, кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Алдын ала мәлімет бойынша, сөз NEF Qazaqstan компаниясының бас директоры Тарық Волкан Оскай туралы болып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу