freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға ресми сапармен Си Цзиньпин келеді

Саясат •
Қазақстанға ресми сапармен Си Цзиньпин келеді

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді», – делінген хабарламада.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу өтіп, қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, 17 маусымда Астанада Орталық Азия – Қытай екінші саммиті өтеді.

Айта кетейік, Си Цзиньпин Қазақстанға бұл жолы алтыншы рет келмек.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу