Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты қылмыстық істі қарау 13 ақпанда өтуі тиіс болған. Алайда облыстық прокуратура әзірге ресми түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, Мұсағазина ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 3 және 4-бөліктері — лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша күдікке ілінген.
Оның есімі өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық дауына байланысты аталған.
Бұл іс аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубевке медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде заңбұзушылық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сот Мұсағазинаға бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ тағайындаған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол электронды білезік тағып, тұрғылықты жерінде бақылауда болады.