Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

Қоғам
Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Деректер орталығы Қостанай облысы аумағында, Рудный қаласына жақын жерде жерасты дүмпуі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған орталықтың жедел мәліметіне сәйкес 2024 жылы 27 шілде күні, Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болған.

Орталық дерегіне қарағанда, эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4.

Фото: sb.by

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу