Қостанай облысының Науырзым ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 2 тамыз күні таңғы сағат 09:30 шамасында Қараменді ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, JAC S3 Pro автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан көлік аударылған.
Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.