Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда бетті жабатын киім киюге тыйым салынды

Әлем
Қырғызстанда бетті жабатын киім киюге тыйым салынды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа заңға сәйкес, дінді мәжбүрлеп қабылдатуға, қарттар үйлерінде, колонияларда және әскери бөлімдерде діни рәсімдер өткізуге тыйым салады.

Бұдан бөлек, мемлекет діни әдебиеттерді қоғамдық орындарда, мектептерде, балабақшаларда және үйлерді аралап таратуға тыйым салады.

Сондай-ақ діни негізде саяси партиялар құруға да шектеу қойылған. Бұл талаптарды бұзғандарға 20 мың сом (118 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Фото: ©Lenta.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу