Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстандағы үшінші ірі қаланың атауы ауысты

Әлем
Қырғызстандағы үшінші ірі қаланың атауы ауысты

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы Жалал-Абад облысының Жалал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заңды Жогорку Кенеш 2025 жылдың 10 қыркүйегінде қабылдаған.

«Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту, Жалал-Абад қаласына ұлы Манас батырдың есімін беру. Ол – қырғыз халқын түрлі шапқыншылықтардан қорғаған халық қаһарманы. Осыған байланысты заңда Жалал-Абад облысындағы Жалал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау көзделген», – делінген Қырғызстан Президенті әкімшілігінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, заң ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

Жалал-Абад – Қырғызстандағы үшінші ірі қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы. Халқы – 184 400 адам. Қала елдің оңтүстігінде, Ферғана жазығында орналасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу