Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Әлем
Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай Швейцариядағы келіссөздер нәтижесінде сауда соғысы аясында бір-біріне қарсы енгізген экспорттық баж салығын 90 күнге төмендету туралы келісімге келді. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон мен Пекин тарифтерді уақытша 115%-ға төмендететінін мәлімдеді.

Бұған дейін америкалық және қытайлық делегациялар Швейцарияда келіссөздер жүргізген еді. Бұдан бұрын Бессент аталған келіссөзді «нәтижелі және сындарлы» деп сипаттаған.

Бұл екі тарап арасындағы консультациялар АҚШ президенті Дональд Трамп қытай импортына жоғары тарифтер енгізгеннен және Қытай да соған жауап қайтарғаннан кейінгі алғашқы келіссөздер болды. Ақ үй басшысы қытай тауарларына 145% мөлшерінде баж салығын белгілеген, ал өз кезегінде Пекин 125% тариф енгізген.

Енді Қытайдан келетін тауарларға АҚШ тарифтері 30%-ға дейін қысқарады, ал АҚШ-тан жеткізілетін тауарларға қытайлық баж салығы 10%-ға төмендейді. Бұл келісімдер 90 күн бойы күшінде болады.

Фото: Getty Images  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу