Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Әлем
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Bloomberg агенттігінің дерегінше, Қытай билігі елдегі әуе компанияларына Boeing ұшақтары, қосалқы бөлшектері мен жабдықтарын сатып алудан бас тартуды тапсырды. Бұл шешім АҚШ-пен арадағы сауда соғысы аясында қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл нұсқау қытайлық компанияларға өткен аптада АҚШ өнімдеріне 125% көлемінде жауаптық баж салығын енгізгеннен кейін берілді. Bloomberg атап өткендей, бұл тарифтер ұшақтар мен бөлшектердің құнын екі еседен аса арттырып, Қытай әуе компаниялары үшін Boeing-ті сатып алуды тиімсіз етеді.

Сонымен қатар, Пекин Boeing ұшақтарын лизингке алып, шығындарының артқанын сезініп отырған тасымалдаушыларды қолдаудың жолдарын қарастыруда, деп жазады агенттік.

Aviation Flights Group деректеріне сәйкес, қытайлық әуе компаниялар 10 шақты Boeing 737 Max ұшағын сатып алуға дайын еді. Агенттік дереккөзі Қытай тарапынан бұл ұшақтардың кейбірі әлі қабылдануы мүмкін екенін, себебі олар бойынша құжаттар баж салығы күшіне енбей тұрып рәсімделгенін атап өтті.

Фото: Markus Mainka/CHROMORANGE/imago images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу