Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 130-ға жуықтады

Әлем
Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 130-ға жуықтады

Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Шигацзе қаласында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны көбейіп жатыр. 

Сейсенбі күні Сицзан автономиялық ауданы (САР, Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде болған 6,8 балдық жер сілкінісінен 126 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды.

Жер сілкінісінен кейін Джомолунгма тауының туристік аймағы уақытша жабылды.

Қытайда зілзала құрбандарының саны 95-ке жеткенін жазған болатынбыз.

Бұған дейін Қытайдың Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 87,45 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 10 км тереңдікте.

Фото: Shanghai Daily

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу