freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорда тұрғыны келініне тіл тигізгені үшін сотта жауап берді

Қоғам
Қызылорда тұрғыны келініне тіл тигізгені үшін сотта жауап берді
Ашық дереккөзден

Қызылорда облысында ер адам келінін балағаттағаны үшін сотқа тартылды. Алайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қызылорда облысы соттарының ресми Telegram-арнасында мәліметінше, Қазалы аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ер адам алкогольдік ішімдік ішкен күйде келініне қатысты былапыт сөздер айтып, үй ішінің тыныштығын бұзған және отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға құрметсіздік танытқан.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраған және тараптардың татуласқанын мәлімдеген. Ал жәбірленуші оны кешіретінін айтып, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен ер адам тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, іс өндірісі тоқтатылып отыр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу