Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада төбелескен қыздарға қатысты тергеу басталды

Қоғам
Қызылордада төбелескен қыздарға қатысты тергеу басталды

Олардың бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған видеодан екі қыздың төбелесіп жатқаны, олардың бірі жекпе-жек өнерінің бір түрін анық білетіні байқалады. Ол бар күшімен екіншісіне жұдырық жұмсап, тепкені көрінеді. Екіншісі болса аяқ киімді лақтырып, өзін қорғауға тырысады. Кейін сол маңдағы жігіт қыздарды ажыратпақ болады.
Төбелес полицейлер келгенде тоқтады. Полицейлер қыздардың жеке басын анықтаған. Төбелеске қатысты тергеу басталды.
«Қызылордалық полиция қызметкерлері бұзақылық әрекетті тоқтатты. Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу