Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада жаңа босанған әйел АИТВ жұқтырды

Денсаулық
Қызылордада жаңа босанған әйел АИТВ жұқтырды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәжіліс кулуарында жаңа босанған қызылордалық әйелдің перзентханада АИТВ (Адамның иммунтапшылық вирусы) жұқтырғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистер мәжіліс кулуарында Денсаулық министріне әлеуметтік желіде тараған Қызылорда қаласының перинаталдық орталығында әйелдің АИТВ (ВИЧ) жұқтырғаны туралы ақпаратты жеткізді. Олар бұл жағдай әйел босанғаннан кейін қан құю кезінде болғанын айтты.

БАҚ өкілдері министрі Ақмарал Әлназаровадан бұл ақпараттың рас немесе жалған екенін айтып беруді өтінді.

Бұл жайт Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Тиісті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ешкім жауапқа тартылмады деп айта алмаймыз, деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу