freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордалықтар Көк бөрімен бірге дауыс берді

Қоғам
Қызылордалықтар Көк бөрімен бірге дауыс берді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Қызылордадағы №260 сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі  референдумда өз таңдауын жасады.

Қала жастарына жақсы таныс образ батылдық пен жеңістің символы. Көпшілік оны Қызылорданың намысын қорғайтын FC KAYSAR командасының рухымен де байланыстырады.

Айта кету керек, Көкбөрі 2026 жылғы республикалық референдумның Қызылордалықтар үшін басты кейіпкеріне айналып үлгерген.

Учаскеге келген тұрғындар «Көк бөрімен» суретке түсіп, ерекше атмосферада өз дауыстарын берді.

Сыр өңірінде бүгінгі күн тек дауыс беру күні ғана емес, бірлік пен белсенділіктің күні болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу