Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей депутаты Валуевтің Әзербайжанға кіруіне тыйым салынды

Әлем
Ресей депутаты Валуевтің Әзербайжанға кіруіне тыйым салынды

Әзербайжан билігі Ресей мемлекеттік думасының депутаты Николай Валуевке елге кіруге тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz.


Бұл туралы Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаде мәлімдеді. 

Ресей мемлекеттік думасы туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Николай Валуевтің Әзербайжан халқын қорлайтын сөздері, сондай – ақ оның біздің елді бопсалағаны мүлдем дұрыс емес. Аталған депутаттың антиазербайжандық көзқарастарына байланысты Әзербайжан Республикасына кіруге тыйым салынған адамдардың тізіміне енгізілді, - деді СІМ өкілі Гаджизаде.

Бұрынғы боксшы Бакудегі орыс үйінің жабылғанын сынға алған. Саясаткер ел билігін Ресей аумағындағы Әзербайжан диаспораларына назар аударуға шақырды. Олардың бизнесі мен активтерін тартып алып, визалық режим енгізіп, әзербайжандықтарды елден шығаруды талап еткен.

Фото: eadaily.com  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу