Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей Қазақстан бидайына қойылған шектеуді қашан алып тастайды?

Экономика
Ресей Қазақстан бидайына қойылған шектеуді қашан алып тастайды?

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін бидайға қойылған шектеулерді алып тастауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлымен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның Өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымының (НОКЗР) кепілдігі негізінде Ресей тарапы 23 сәуірден бастап енгізілген шектеулерді 20 қазаннан бастап негізгі астық өндіретін өңірлерден экспортқа рұқсат беруге дайын.

Келіссөздер барысында сондай-ақ Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдерінің фитосанитарлық талаптарға сәйкестігі талқыланды.

Ресей жағы кей жағдайларда өнімдер Россельхознадзор инспекторларына тексеру үшін ұсынылмағанын атап өтті. Бұл ЕАЭО-ның өсімдіктер карантині жөніндегі ережелерін бұзу болып саналады.

Сонымен қатар Россельхознадзор Қазақстан арқылы санкцияланған тауарлардың реэкспорты жиілегенін хабарлады. Электронды пломбалар қолданылғанына қарамастан, ресейлік шекарада «сұр» жүктердің өту деректері тіркеліп отыр.

Фото: depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу