freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейден Қазақстанға өткізілмек болған заңсыз заттар тәркіленді

Қоғам •
Ресейден Қазақстанға өткізілмек болған заңсыз заттар тәркіленді

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
"Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.

Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:

  • 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
  • 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
  • 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.

Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу