freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сабуровқа Қазақстанда қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізілуі мүмкін

Қоғам
Сабуровқа Қазақстанда қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізілуі мүмкін
Фото: видеодан кадр

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған комик Сабуровқа туған елі Қазақстанда жалдамалылық (наемничество) бабымен тексеру жүргізілуі мүмкін. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті комик Нұрлан Сабуровтың әрекеттеріне құқықтық баға бере алады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Койгелдиев айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, Сабуров, соңғы уақытқа дейін Мәскеу маңында тұрған, «Легион Вагнер Истра» деп аталатын бөлімшенің жалдамалы сарбазына 10 мотоциклді берген деген ақпарат тараған.

Бұл Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 170-бабы – «Жалдамалылық» бойынша қарастырылады. Ол қарулы қақтығыстарға, соғыс әрекеттеріне немесе билікті күшпен өзгертуге және мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу әрекеттеріне қатысатын адамдарды жалдау, дайындау, қаржыландыру немесе басқа да көмек көрсету үшін жауапкершілікті қарастырады. Осы бап бойынша жазалау мерзімі 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.

Койгелдиев медиа жарияланымдардағы ақпарат мұқият тексеруді қажет ететінін атап өтті. Ол Қазақстан тарапынан басқа мемлекеттердің шешімдеріне пікір білдіру мүмкін еместігін қосты.

Бұған дейін Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны хабарланған. Бұл тыйымды ол Дубайдан қайтып келгенде Мәскеудегі Внуково әуежайында білген. Ол тегін депортациядан бас тартып, Қазақстанға өз еркімен ұшып кеткен.

Қазақстан СІМ-і хабарлағандай, әнші мен оның өкілдері елшілікке көмек сұрап жүгінбеген, ал ресейлік биліктен ресми түрде оның тұтқындалғаны туралы ақпарат түспеген. Өз кезегінде Сабуров жағдайға ашық түрде пікір білдіруді жоспарламайтынын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу