Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сәкен, Мейрамбектер неге үнсіз?" – Көпшілік қауым өнер иелеріне үндеу жасады

Қоғам
"Сәкен, Мейрамбектер неге үнсіз?" – Көпшілік қауым өнер иелеріне үндеу жасады
todayinfo.kz

Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің қазасынан кейін оның жары Айсұлу ханымның жағдайы жұрт назарын аударып, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова Айсұлудың басындағы қиындыққа бейжай қарамай, көпшілікке үндеу жасап, оған қолдау көрсетуге шақырды.

"Далада қалдым, үйім жоқ деп жатыр. Оның бәрі әрине біздің жүрегімізге батады. Мен миллионердің әйелі емеспін. Менде артық ақша деген болмайды. Бай болсам өзім-ақ алып беретін едім. Менің де туған-туыстарым, бауырларым бар. Анамның немерелері, қазір шөберелері бар деген сияқты. Айтады ғой қазақта, бір үйге бір адамға нәсіп береді деп. Оның бәрі аспаннан түсіп жатқан жоқ, біресе ана жаққа, біресе мына жаққа ұшып кетемін. Әндетіп, концертімізді беріп жүріп, нәпақамызды тауып жүрміз", – деп түсіндір Мақпал Жүнісова.

Ол билік өкілдері мен ел азаматтарын Айсұлу ханымға қолдау көрсетуге шақырды. Көпшілік Мақпал Жүнісованың жанашырлығына алғыс білдіріп, оған жылы пікірлер жазуда. Алайда бір бөлігі басқа танымал әншілердің үнсіздігіне наразылығын білдірді.

«Сәкен, Мейрамбектер неге үнсіз? Мақпал апай ғана шырылдап жүр», «Бәрі қайда кетті әншілер? Батыстан біреу жоқ па, қарызын жауып беретін», «Әншілер осындайда жоқ болып кетеді» деп жазуда олар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу