freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Самарқан су қоймасында қайығы аударылған ер адам құтқарылды

Қоғам
Самарқан су қоймасында қайығы аударылған ер адам құтқарылды
Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары суға батып кете жаздаған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Теміртау қаласындағы Песчаная коса ауданында орналасқан Самарқан су қоймасында болған.

112 пультіне қайықтың аударылып кеткені және ер адамның суға түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар азаматты судан шығарып, медициналық тексеру үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Мамандар ауа райы болжамын алдын ала тексеріп, құтқару кеудешесін киюге, тек техникалық жарамды қайықтарды пайдалануға және қатты жел кезінде суға шықпауға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу