Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Самұрық-Қазына мен серіктестерінің қолдауымен Қызылордада жаңа оңалту орталығы іске қосылды

Денсаулық
Самұрық-Қазына мен серіктестерінің қолдауымен Қызылордада жаңа оңалту орталығы іске қосылды
Фотолар: © Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа ерте араласу орталығы ашылды. Орталық көпбейінді облыстық балалар ауруханасының жанынан іске қосылып, «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Қамқорлық» қоры және Қызылорда облысы әкімдігінің серіктестігімен жүзеге асырылды.

Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қорының өкілі Шыңғыс Шарапиев және «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қорының өкілі Шыңғыс Шарапиев және «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Жылына 600 балаға дейін қабылдай алатын орталықта әр балаға жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді. Мұнда туғаннан түрлі даму ерекшеліктері бар балалардың қимыл-қозғалысын, сөйлеу қабілетін, жалпы даму динамикасын жақсартуға арналған кешенді қызметтер көрсетіледі.

Балалармен невропатолог, реабилитолог, педиатр, травматолог-ортопед, психолог, дефектолог, логопед, физиотерапия нұсқаушысы сияқты мамандар жұмыс істейді. Орталық заманауи технологиялармен, арнайы техникалық жабдықтармен, тренажерлармен және аппараттық-бағдарламалық кешендермен толық қамтылған.

Балалармен невропатолог, реабилитолог, педиатр, травматолог-ортопед, психолог, дефектолог, логопед, физиотерапия нұсқаушысы сияқты мамандар жұмыс істейді.

«Қызылордада ашылған бұл орталық - «Самұрық-Қазына» қолдауымен іске қосылған 47-ші оңалту мекемесі. Жыл сайын еліміз бойынша 30 мыңға жуық бала мен ересек кешенді оңалту көмегін алады. Сонымен қатар Қор инклюзивті білім беру бағытында 26 инклюзия кабинетін ашты, жыл соңына дейін тағы бес кабинет Жылыой ауданында іске қосылады», —

деді Ғибрат Ауғанов.

Бұл – 2020 жылдан бері «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған 20-шы ерте араласу орталығы.

Бұл – 2020 жылдан бері «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған 20-шы ерте араласу орталығы. Жоба өңірлердегі қажеттілікті толық жапты: жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық ерекше бала медициналық қолдау алады. Соның нәтижесінде 6,3 мың бала алғаш рет жүре бастаса, 8,6 мың баланың сөйлеу қабілеті дамыған.

2020 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қызылорда облысында жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайтын 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Былтыр Үстел теннисі орталығы, ал биыл жаңа тарихи-өлкетану орталығы ашылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу