Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыспаймыз және мойындамаймыз - Зеленский

Әлем
Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыспаймыз және мойындамаймыз - Зеленский

Украина Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатыспайды және оларды мойындамайды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

“Украина қатыспайды. Украина бұл туралы білмеген. Біз Украинасыз өтетін кез келген келіссөздерді нәтижесіз деп есептейміз. Бізге қатысы бар қандай да бір шешімдер немесе келісімдер біздің қатысуымызсыз жасалмауы керек”, – деп келтіреді саясаткердің сөзін “Интерфакс-Украина”.

Бұған дейін АҚШ пен Ресей 18 ақпанда Сауд Арабиясында Украинадағы соғысты аяқтау жөнінде келіссөздер өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болған.

Зеленскийдің айтуынша, Киев бұл кездесуге шақырту алмаған. Ол өзінің дәл сол күні Сауд Арабиясына сапары АҚШ пен Ресей өкілдерінің келіссөздеріне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу