Семей қаласында Ертіс өзені үстіндегі аспалы көпірден суға құлаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
112 қызметіне түскен хабарламадан кейін оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Операцияға қайықтар мен дрон жұмылдырылды.
Жедел шаралардың нәтижесінде 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка ауданынан табылып, құтқарылды. Кейін ол медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.