Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенбілік жұмысы жалғасын табуда

Қоғам
Сенбілік жұмысы жалғасын табуда

Соның бірі 07 қазан  2023 жыл  Тұрақты даму мақсатының  ТДМ 6 «Таза су және санитария» атты 6-тармағын жүзеге асыру аясында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 1 курс  111 тобының эдвйзері оқытушысы С.Ш. Даубасовамен бірге жалпы университеттік  сенбілікке қатысып, күздің шуақты күндерінен бастау алған ҚазҰУ-ді қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары басталды.

Әр білім алушы сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Себебі, өзің тазалаған жерді сен ешқашан шашпайсың, керісінше, қалашығымызды  бүлдіріп жүргендерге көз жұмып қарай алмай оларға ақылыңды айтасың. Сенбілік осыған үйретеді. Сенбілікке қатысып, өзіміз оқып білім алып жүрген ҚазҰУ-т қалашығымыздың аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ортақ қалашығымызды әсемденуіне топтың білім алушылары  бір кісідей атсалысты. Сенбілікке қатысу білім алушылардың қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды шаруа болып табылады.

Жаппай сенбілікті өткізудің  мақсатында кафедра 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі БББ бойынша білім алушылармен ҚазҰУ-нің жан-жағын тазалау шараларын жүзеге асырды.

1 курс 111 топ студенті Нұртасқызы Динара

Топ эдвайзері Даубасова С.Ш.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу