Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

Саясат
Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

Украинаның Қазақстандағы Елшісі болып Луганск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Гайдай тағайындалуы мүмкін. Бұл жөнінде LB.ua хабарлады. ОВА басшысы туралы ресми мәлімдеме бүгін жарияланады деген ақпарат бар.

Сергей Гайдайдың Қазақстанға келетіні туралы ақпарат алғаш рет 2023 жылдың басында шыққан. Ол өзі бұл ақпаратты растаған жоқ, бірақ «президент жіберетін жерде жұмыс істеуге дайын» екенін айтты.

Былтыр Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский екіұшты сұхбат берген болатын.  Ол соғыс туралы сұраққа жауап бере отырып, «Біз мүмкіндігінше олардың көпшілігін өлтіруге тырысамыз. Қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, біздің балаларымызды соншалықты аз өлтіреді. Бар болғаны сол»,- деп дауға қалған болатын.

Сергей Гайдай Украинадағы  маңызды әскери әрі саяси тұлға. Оның Қазақстанға елші болып келуіне Ресей тарапы ерекше қарсылық білдірген. Екі жаққа да түрлі саяси қысымдар жасалған-ды.

Қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді елші қызметінен босатты.

Фото: LB.ua 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу