Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Шешемді үйге әкелу үшін рұқсат сұраймын». Жазира Байырбекова отбасылық құпиясын бөлісті

Шоу-бизнес
«Шешемді үйге әкелу үшін рұқсат сұраймын». Жазира Байырбекова отбасылық құпиясын бөлісті

Әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында отбасындағы ережелерін айтып, 28 жыл бойы сақтаған құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

"Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы, мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз шешемді үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын, біреуге үлкен сыйлық жасайтын, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек", – дейді әнші.

Сондай-ақ ол күйеуі екеуінің кезінде қол ұстасып жүруге ұялғандарын да жасырмады.

"Бізді 28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады?! Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. «Ұят, масқара» деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар, иә?" – деп әзілдеді Жазира Байырбекова.

Фото: instagram/Жазира Байырбекова

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу