Абай Бегейдің әйелі баласы бар ер адамға тұрмысқа шығудың қиындықтары туралы айтты

Ол екі қыздың анасы болу оңай соқпағанын тілге тиек етті.

Сабина Асқарқызы

  • 23.10.2024

Қазақстандық әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова балалары бар ер адамға тұрмысқа шығудың қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол «Айтарым бар» YouTube арнасына берген сұхбатында бойдақ қыздарға баласы бар адаммен отбасын құру ауыр соғатынын алға тартты.

Маған Instagram-да қыздардан «баласы бар еркек ұсыныс жасады» деген хаттар көп келеді. Негізі мен қазір де бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беремін. Себебі ол – өте үлкен жауапкершілік. Тұрмысқа шыққаннан кейін мен екі қыздың анасы болдым. Үлкеніміз студент болды, ол менің қандай да бір көмегіме мұқтаж болды деп айта алмаймын. Оның үстіне ол ер бала. Екі қыздың анасы болу оңай емес. Мысалы, тұрмысқа шыға салып, бірінші тұрмыстық өмірге үйренесің бе, әлде ана болып үйренесің бе?! Сондықтан ол оңай емес, - дейді Фариза Жұманова.

Фариза бұл сынақты еңсеруге не көмектескенін де тілге тиек етті.

Маған бұл жолда оқыған намазым, діни білімім көмектесті. Алладан қорыққаннан кейін алған аманатыма төзе білдім. Қатты қиын болып кеткен кездері намазда отырып, дұға тілейтінмін. Ішімдегі уайым-қайғыны Алла Тағалаға айтатынмын. Содан кейін жақсы болып қалатынмын. Ал басқа қыздар осылай істей ала ма, істей алмай ма? Тұрмысқа шыққаннан кейін мамасына, әкесіне, туысына хабарласып тұрса, өзіне қиын, ал ата-анасына екі-үш есе қиын болады. Сол себепті қазір де маған қыздар осындай сұрақ қойса, «тұрмысқа шықпа» деп айтамын, - деді ол.

Фото: Instagram/fari___za____zhan 

Байланысты жаналықтар

«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

29.10.2024

«Ешқандай қызымды бермеймін». Әнші Абай Бегейдің қызын алып қашып кеткен

15.08.2024

«Халықты мазақ еткені». Заңгер әнші Абай Бегейдің отбасын заңсыз лотерея ұйымдастырды деп айыптады

01.07.2024
MalimBlocks
«Намаз оқуды талап еттік»: Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін айтты

Әншінің жары балаларын намаз оқуға міндеттейтінін жасырмады

«Ешқандай қызымды бермеймін». Әнші Абай Бегейдің қызын алып қашып кеткен

Абай Бегей болашақ күйеу баласын сынақтан өткізбек болып, қызды бірден алып кеткен.

«Халықты мазақ еткені». Заңгер әнші Абай Бегейдің отбасын заңсыз лотерея ұйымдастырды деп айыптады

Маман жұлдызды отбасының тоқтайтын түрі жоқ деп отыр.