«Абай болыңыздар»: Гүлзира Айдарбекова халықты ескертті

Арман Қайыпхан

  • 26.09.2024

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарын алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер өзі алаяқтардың құрығына түсіп қала жаздағанын айтты.

«Жаңа ғана алаяқтықтың куәгері болып отырмын. Біреу хабарласып, тапсырыс берген затымның келіп тұрғанын айтты. Шынымен де Астанадан зат күтіп отыр едім. «Мына мекенжайдан алып кете аласыз» деді. «Көлікпен жібереміз деп еді, пошта арқылы салған-ау» деп ойлап үлгердім. Тіпті, үйімнің мекенжайын да біліп тұр. Үйге емес, дүкенге жеткізуін өтіндім. «Сізге код келеді, соны айтыңыз» деді. Бір кезде көзім түсіп кетті, «кредит» деп жазылып тұр екен. Бірден алаяқ екенін білдім. Енді, міне, қоймай хабарласып жатыр. Бір қызығы, тұтқаны көтерсең, бірден камерасы қосылып, түріңді суретке түсіріп алады. Сосын даусыңды жазып алады екен. Басқа қоңырауларда камера жоқ, бұларда бар екен. Сақ болыңыздар, алданып қалмаңыздар», – деді продюсер.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Байланысты жаналықтар

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

29.04.2025

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Құрылыс компаниясы 100-ден астам адамның 972 млн теңгесін алып кеткен

Тергеу аяқталды

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды