freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды

Оқиға
Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды
Фото: видеодан кадр

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Есіл өзеніне секірген әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға бүгін Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде болды. Құтқарушылар ағынды бөгет маңында әйел адамның өзенге секіргенін байқап, дереу көмекке келген.

Жедел әрекет ету нәтижесінде 1985 жылы туған әйел адам судан шығарылып, жағаға аман-есен жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құтқарылған азаматша полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Атап айтқанда, мас күйде суға түспеу, өз мүмкіндігін дұрыс бағалау, құтқарушылардың талаптарын орындау, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау және тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу