freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қамшыбек Ташиев сот үкіміне қарсы апелляция берді

Әлем
Қамшыбек Ташиев сот үкіміне қарсы апелляция берді
Фото: bulak.kg

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев өзіне қатысты шығарылған сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Ташиевтің қорғаушысы Икрамидин Айтқұлов 29 шілде күні Бішкек қалалық сотына апелляциялық шағым жолдаған.

«Біз соттың алғашқы шешімі қайта қаралып, ақтау үкімі шығарылады деп үміттенеміз», – деді адвокат.

Еске салайық, 2 шілдеде Қамшыбек Ташиев «билікті күшпен басып алуға дайындалу» бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Қылмыстық істің қозғалуына биыл ақпан айында президент Садыр Жапаровқа жолданған «75 ақсақалдың хаты» себеп болған. Хат авторлары кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған. Осыдан кейін көп ұзамай Ташиев қызметінен босатылды. Ол кезде бұрынғы шенеунік Германияда ем қабылдап жүрген.

Қырғызстан заңнамасына сәйкес, сотталған азаматтардың президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысуына рұқсат етілмейді.

Айта кетейік, Қамшыбек Ташиев бірнеше жыл бойы Қырғызстандағы ең ықпалды саясаткерлердің бірі саналды. Ол Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетті басқарумен қатар, Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметін де атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевке қатысты «75-тің хаты» деп аталатын іс бойынша шығарылған үкімге түсініктеме берген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу