freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

Спорт
«Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті
Фото: «Тобыл» ФК

Қазақстандық «Тобыл» УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанайда өткен қарымта кездесуде командалар негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы ойын да дәл осындай нәтижемен аяқталған болатын.

Матчтың 33-минутында Наурис Петкевичюс қонақтарды алға шығарса, бірінші таймға қосылған уақытта Амин Талал есепті теңестірді. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмай, ойын пенальти сериясына ұласты.

11 метрлік айып соққыларында «Тобыл» 3:2 есебімен басым түсіп, шешуші пенальтиді Асхат Тағыберген сәтті орындады.

Осылайша, «Тобыл» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Келесі айналымда қостанайлық клуб Сербияның «Партизан» немесе Люксембургтің «УНА Штрассен» командаларының жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы матчта «Партизан» сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге шығуға бір табан жақын тұр.

Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 6 тамызда сырт алаңда, қарымта кездесуі 13 тамызда Қостанайда өтеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу