2026 жылғы 9 тамыздан бастап Қазақстанда кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, енді кедендік тексерулерге куәгер ретінде тек мүдделі емес, кәмелетке толған және әрекетке қабілетті Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ тексеріліп жатқан компанияның қызметкерлері мен құрылтайшыларына куәгер болуға тыйым салынады.
Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары тексеріліп жатқан тұлғаға жазбаша қарсылықтарды қарауды тоқтату және қайта бастау туралы міндетті түрде хабарлауы тиіс.
Хабарлама тапсырыс хат арқылы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке электронды түрде жіберіледі.
Жаңа ережелер 9 тамыздан бастап күшіне енеді.