Алмас Кішкенбаев өзіне айып таққандарға жауап берді

Әнші бұл іске өзінің еш қатысы жоқ екенін алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 03.02.2025

Әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарып, телеарналарды кінәлады, деп хабарлайды Malim.kz

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында 40 жас шамасындағы ер адам сыраға тапсырыс беріп, ішімдікті жеткізген курьерге тиіскенін және ол адамның аты Алмас Кішкенбаев екенін жазған болатын. 

Полиция департаменті мұны жоққа шығармады. Алайда әнші бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтты.

Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады? деп ашуланды әнші.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Фото: ulysmedia.kz

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

10.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

Есірткі сатқан футболшы мен актер ұсталды

Шымкентте жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған шетелдік есірткі сатқаны анықталды