«Ақтап алу мүмкін емес»: Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Блогер әкесінің талай жыл жақсы әке болғанын да тілге тиек етті.

Сабина Асқарқызы

  • 02.09.2024

Қазақстандық блогер әрі интервьюер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Айсәуле жаздың соңғы күндерінде жасалған суреттер топтамасын жариялап, соның арасында әкесінің немересімен серуендеп жүрген суретін де салған.

Instagram-да оқырманының сауалдарына жауап бере отырып блогер 2016 жылы Айсәуленің анасы, сол кездегі өзінің әйелі Баян Алагөзованы пышақтаған әкесімен қарым-қатынасы жайлы да сауалға жауап берген.

Бақытбек Есентаев түрмеде алты жылдан астам уақыт өткізіп, 2022 жылы мерзімінен бұрын босады.

Оның істеген ісін ақтап алу мүмкін емес. Мүлде. Ал бұл сурет мен оны түсінгенімді немесе ақтағанымды аңғартпайды. Бұл олай емес. Кейбір нәрселерді кешіру мүмкін емес екенін білемін. Дәл сол сияқты менің өмір сүріп жатқаным сол кісінің арқасы екенін де білемін. Әкем көптеген жыл бойы жақсы әке болды. Адам баласы өте қорқынышты әрекетке барса да, баласымен, немересімен араласып тұруына құқы бар. Өйткені бұл өмір. Өмірдің көп қыры бар. Менің өмірімнің қыр-сырын ешкім ұқпайды, мен де біреудің өмірін ұқпауым мүмкін, - дейді Айсәуле.

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

 

Байланысты жаналықтар

«Біресе келін, біресе келін емес»: Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның өмірін әзілге айналдырды

22.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025

Баян Алагөзованың күйеуі қызғаншақ емес екенін айтты

01.04.2025

«Баян үлгі алсын»: Бибігүл Төлегенова халыққа иіліп құрмет көрсетті

19.03.2025

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

18.03.2025

Сәлем салмаймын, маған ешкім салдырма алмайды, бұл жабайылық – Баян Алагөзова

11.03.2025
MalimBlocks
«Біресе келін, біресе келін емес»: Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның өмірін әзілге айналдырды

Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасып, қайта қосылғанын меңзеген

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.

Баян Алагөзованың күйеуі қызғаншақ емес екенін айтты

Актриса киноға бөтен еркекпен түссе қалай болатынын сұрап көрді

«Баян үлгі алсын»: Бибігүл Төлегенова халыққа иіліп құрмет көрсетті

Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды.

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

Продюсер ұлттық киім күнімен құттықтады.

Сәлем салмаймын, маған ешкім салдырма алмайды, бұл жабайылық – Баян Алагөзова

Ол мұны жабайылық деп атады.