«Біресе келін, біресе келін емес»: Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның өмірін әзілге айналдырды
Баян Алагөзова Жарқынай Ханайымның күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасып, қайта қосылғанын меңзеген

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым туралы әлеуметтік желіде қалжың аралас пікір білдіріп, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында Жарқынай Ханайымның күйеуі Айдар Асқарбекпен ажырасып, қайта қосылған сәтін әзілге айналдырды.
«Біресе келін, біресе келін емес. Әйтеуір қазір келін. Бізге Грузиядан сыйлық әкеліп берді. Бізді үнемі ойлап жүреді», — деп айтты продюсер.
Бұл жазба оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Көпшілігі Баян Алагөзованың қалжыңын қолдап, пікір жазып, көңіл-күй көтергенін айтты.
Фото: әлеуметтік желі