«Арам пиғылын алдын ала жоспарлады»: Шәріп Серіктің анасы мәлімдеме жасады

Ол бойжеткеннің болған оқиғадан соң неліктен араға екі ай салып арызданғанын түсінбейтінін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 08.04.2025

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтергені үшін айыпталған актер Шәріп Серіктің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының кінәсіз екенін жазды. Оның айтуынша, Әлия Бутаева Шәріпке әдейі қастандық жасаған. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.

Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады. Менің ұлым онымен қарым-қатынасын әлдеқашан үзсе де, ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай кірді? Ол сол күні арам пиғылын іска асырып, лифтідегі видеожазбаны заңсыз алды, әйтпесе ол үйде тұрмайды, дейді Шәріп Серіктің анасы. 

Егер актердің анасының жазбасына сүйенсек, оқиғаның барлығы Бутаева жариялаған күннен екі ай бұрын болған. 

Бетіне шапалақ тисе, неліктен сол күні - 8 ақпанда полиция шақырмады, сараптама жасатпады, арызданбады. Неге екі ай өткеннен кейін, яғни 4 сәуір күні полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөлімінде қасындағылар «осылай айт» деп баламды видео жазуға мәжбүрледі? дейді анасы. 

Оның айтуынша, Бутаева екі жыл бойы оның ұлын пайдаланып, соның ақысына өмір сүріп келген. 

Ол екі жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып, әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа «жалған айтып», жала жауып, ұлымды қаралады. Бәрі ұмытылады. Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. «Біреуге ор қазба, өзің сол орға түсерсің» деген, дейді Гүлнар Мұратқызы.

Фото instagram.com/shakentii

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

01.05.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

23.04.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Димаш Құдайбергеннің қарындасы болашақ күйеуінің суретін көрсетті

Раушан Құдайбергеннің таңдауы актер жігітке түскен

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды