Атақты әнші үкіметтен жәрдемақы ала алмай жүргенін айтты

Мақпал Исабекова: Алты айдан бері мемлекетке өзімнің босанғанымды дәлелдей алмай келемін

Сабина Асқарқызы

  • 10.12.2024

Танымал әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде екі баланың анасы екенін дәлелдеп, жәрдемақы ала алмай жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

“Алты айдан бері мемлекетке өзімнің босанғанымды дәлелдей алмай келемін. Мен босанғанға дейінгі төлемді, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны, баламның ай сайынғы жәрдемақысын әлі алған жоқпын. Заң бойынша, басқа аналар сияқты, ол төлемдерді мен де аламын деп ойладым. Бірақ мені бір-біріне сілтеп, алдырмай отыр. 1414 нөміріне хабарласа алмадым. Egov.kz болса, "сіз құжат тапсырдыңыз, күтіңіз" деп отыр. Босанғалы алты ай болды, әлі күтіп отырмыз. Менің жеке кәсіпкерлігім бар. Салықтың бәрін уақытылы төлеп отырмын", – дейді әнші. 

Танымал өнер иесі мұқтаж аналарға көмек көрсетуге ниетті.

“Қолымды бір сілтейін десем, салықтың біреуін қалдырмай төлеймін. "Үйде бала тауып отыр ғой" деп ешкім менің жағдайымды ойлап жатқан жоқ. Мұндай жағдайда не істеу керек, қыздар?! Мен бұл жағдайды осылай жария қыламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ онсыз да жұқарып отырған жүйкені жұқартты. Қағазбастылық деген біздің елде басым,  1000 анықтама талап етті. Бухгалтер екеуміз тапсыр деген қағаздарын тапсырдық. Халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Бірақ үсті-үстіне саған қысым жасайды. Бұл не сұмдық?! Менің күнім ол ақшаға қарамай-ақ қойсын, қарапайым халық не істейді? Өзіне тиесілі ақшасын алу үшін сәбиін қолына ұстап, мекеме аралап жүре ме?", – деп ашуланды өнер иесі. 

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген